Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы

Филармония туралы мәлімет

Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы 1944 жылдың 20 қыркүйегінде құрылған. 1998 жылы филармонияға КСРО халық артисі, ҚР өнер қайраткері, композитор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың аты берілді. 2002 жылдың 15 мамырында облыс әкімінің №62 шешімі бойынша филармонияға бұрынғы химиктер Мәдениет үйінің ғимараты берілді. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазіргі стандарттарға сай, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол.

Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы, академик Ахмет Жұбановтың атағы берілген Халықаралық және Республикалық деңгейде «Жұбанов көктемі» атты түрлі бағыттағы дәстүрлі фестивальдер Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда жыл сайын өткізіліп тұрады. Сонымен катар «Классика» атты жас таланттар фестивалі, жас әншілер, джаз музыка фестивалі, оркестрлер, хор фестивальдері т.б іс-щаралар өткізіледі. 

Филармония солистері және ұжымдары көптеген Халықаралық және Республикалық конкурстардың және фестивальдердің қатысушылары. Филармония жоспарында Қазақстан қалалары және жақын шет елдеріне музыкалық тәжірибемен алмасу, және қазақ халық музыкасын насихаттау үшін гастрольдік сапармен бару  қарастырылған.